08 октября 2026, Четверг 28 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:21
Зухр 12:07
Аср 15:49
Магриб 17:42
Иша 19:08

Сенімдегі мәзһабымыз қайсы?

Сенімдегі мәзһабымыз қайсы?

Сұрақ: Сенімдегі мәзһабымыз қайсы?

Жауап: Әһли сүннет уәл жамағат, яғни пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бен сахабалары жүріп өткен сара жол.

Сұрақ: Сенімдегі имамымыз кім?

Жауап: Сенімдегі имамымыз Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди.

Сұрақ: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди кім?

Жауап: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди IX ғасырда Самарқанд маңындағы Матурид қалашығында дүниеге келген мүжтаһид ғалым.

материал «Таңдаулы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz