08 октября 2026, Четверг 27 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:21
Зухр 12:07
Аср 15:49
Магриб 17:42
Иша 19:08

Төрт мазһабтағы мал бауыздау ерекшеліктері

Төрт мазһабтағы мал бауыздау ерекшеліктері

Төрт мазһабтағы мал бауыздау ерекшеліктері мынадай:

Ханафи: Төрт күре тамырдың барлығы да кесілуі тиіс.

Мәлики: Кеңірдек пен екі ұйқы күретамыры кесіледі.

Шафиғи: Кеңірдек пен өңеш кесіледі. Ал күретамырлар мен мойындырық қантамырларын кесу сүннет болып табылады.

Ханбали: Шафиғи мазһабында сияқты бауыздалады.

Ескерту:

Пышақты малдың (құстың) көзінше қайрауға болмайды;

Бір малдың көзінше басқа бір малды бауыздауға жол берілмеуі тиіс;

Мал мен құсты өтпейтін пышақпен бауыздамау қажет, себебі жануар қиналады;

Мал бір мәрте ғана бауыздалады, бауыздағаннан кейін, пышақтың жүзі жануардың денесінен бір көтерілгенде бауыздау аяқталады.

halaldamu.kz