09 октября 2026, Пятница 28 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 04:57
Зухр 12:07
Аср 15:48
Магриб 17:40
Иша 19:06

Тозақтың күзетшілері кімдер?

Тозақтың күзетшілері кімдер?

Тозақтың періштелерден құралған арнайы күзетшілері болады.

Оларды сипаттап Алла тағала Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басында қатал, ірі денелі періштелер бар. Олар Аллаһтың бұйырғанына қарсы келмейді, өздеріне бұйырылғанды істейді», – деген.

Олардың саны – он тоғыз. Алла тағала: «Сен тозақтың не екенін қайдан білер едің? Ол қалдырмайды да, тастамайды да. Адам (терісін) өртеп жібереді. Оған он тоғыз (періште қарайды). Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын кәпір болғандарға бір сынау қылдық», – дейді.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz