10 Қазан 2026, Сенбі 29 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:24
Бесін 12:06
Екінті 15:46
Шам 17:38
Құптан 19:03

Тәубенің шарты: Адамның ақысына қатысты істерді өтеу

Тәубенің шарты: Адамның ақысына қатысты істерді өтеу

Егер күнә басқа адамдардың құқығына қатысты болса, тәубе тек сөзбен емес, іс жүзінде өтеумен дәлелденеді. Ғұламалар бұл шартты «тәубенің сынағы» дейді, өйткені әділетсіз істің орнын толтыру нәпсіге ең ауыр соққы.


Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім біреуге зұлымдық қылса, бүгін кешірім сұрасын. Ертең динар да, дирхам да пайда бермейді», – деді. Сондықтан біреуді ренжіткен болсаң, кешірім сұра. Біреудің малын ұрласаң, қайтар. Біреудің абыройын төксең, оны қайта құрметте. Ғалымдарымыз: «Кім біреуді ел алдында қорласа, сол адамның абыройын халық алдында қайта көтерсін», – деген.

Кейде адам: «Ұялам, мен кешірім сұрасам, мені төмен санайды», – деп ойлайды. Бірақ тәубе – ерлік пен адалдықтың белгісі. Алла Тағала шын жүректен кешірім сұрағандарды жақсы көреді. Пайғамбарымыз: «Алланың саудасы – қымбат, расында Алланың саудасы – Жәннат», – деді. Кейде тәубе өткен бұзылған істерді түзетуді қажет етеді.

Мысалы, бір кісі 30 жыл бойы қонақүйде жұмыс істеп, қонақтардың ақшасынан ұрлайтын. Сосын сақал қойып, тақуалыққа бет бұрды. Бірақ бір ғалым оған:

– Сенің тәубең шын болуы үшін ұрлаған ақшаңды иелеріне қайтаруың керек. Болмаса бұл тек сыртқы өзгеріс қана, – дейді. Сонда ол адам:

– Мен ол ақшаны қайтаруға ұяламын, адамдар біліп қояды, – деді. Әлгі ғалым:

– Тәубенің бағасы ауыр, бірақ жемісі – жұмақ, – деп жауап берген екен. Сол сияқты егер адам біреудің намысын таптаса, оның абыройын қалпына келтіру керек. Егер біреуге жаман сөз айтса, кешірім сұрауы керек. Егер зұлымдық жасаса, ақысын қайтаруы керек. Тәубе – түзету мен өтеу арқылы шынайы. «Мәида» сүресінің 39-аятында Алла Тағала: «Ал кімде-кім істеген қиянатынан кейін тәубеге келіп, толық түзелсе, шүбәсіз, Алла оның тәубесін қабыл алады», – деп ескерткен болатын.

материал «Саф жүрек» кітабынан алынды, 

ummet.kz