08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Құптан 19:08

Ұмытып ішіп-жеп қойса ораза бұзыла ма?

Ұмытып ішіп-жеп қойса ораза бұзыла ма?

Тамақ яки суды байқаусызда ішіп қою оразаны бұзбайды.

Себебі, ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзатын амалдарға жатпайды. Мұндай жағдайда оразаны жалғастыра беру керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізген де Алла», – деген (Бұхари, Мүслим). Алайда ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін дереу тоқтатуы шарт.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz