28 Қазан 2026, Сәрсенбі 17 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:27
Күн 06:54
Бесін 12:03
Шам 17:01
Құптан 18:28

Ислам бес түрлі нәрсенің үстіне құрылған

 Ислам бес түрлі нәрсенің үстіне құрылған

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ислам бес түрлі нәрсенің үстіне құрылған. Иман сөзде де, істе де болуы керек. Иман күшейіп көбейеді де, әлсіреп азаяды да»,- деді.


Алла Тағала Құран Кәрімде айтты: «Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тоқтау салды (3)»,- деді. Және бір аятта: «...Олар Раббыларына шын сенген жігіттер еді де оларға туралықты арттыра түстік (4)»,- десе және бір аятта: «Алла Тағала тура жол тапқандарға туралықты арттырады (5)»,- дейді.

Және бір аятта: «Ал сондай тура жол тапқандар, Алла олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларға тақуалық береді6»,- деді. Және бір аятта: «...Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін...(7)»,- деді.

Және бір аятта: «...Бұл қайсыларыңның имандарын арттырады?»,- дейтін де біреулер бар. Дегенмен мүміндердің иманын арттырады, олар қуанысады (8)»,- деді. Және бір аятта: «...(Бұл сөз) олардың иманың арттырды (9)»,- деді және бір аятта: «...Сондай-ақ олардың сенімдерін, бойұсынуларын одан ары арттыра түсті (10)»,- деді.

Алла үшін сүю және Алла үшін жек көру иманнан болып саналады, Омар ибн Абдул Азиз Ади ибн Адиге хат жазып, онда " Расында, иманның парызы, шариғаты, шекарасы және сүннеті бар. Кімде-кім солардың барлығын толықтырса, онда иманын толықтырғаны, ал кімде-кім нақыс қылса, онда иманының кәміл болмағаны" деді. Егер мен тірі болсам, сендерге барлығын баяндап беремін, онымен амал етерсіңдер. Ал, егер қайтыс болсам, мен сендермен сұхбат құра алмаспын. Ибраһим (алейһи сәләм) былай деген: «Әрине, сенемін, бірақ жүрегім орнықсын». Муғаз ибн Жәбәл: «Қане, біраз отырып, иман туралы сөз қозғайық», - деген.

Ибн Масғуд: «Иақин дегеніміз - иманның күллісі»,- деген болатын. Ал, ибн Омар болса, былай деген : «Кез-келген пенде нәпсісіндегіні тәрк етпейінше тақуалықтың ақиқатына жете алмайды»,- деді. Мужаһидтің айтуы бойынша, нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды («әш-Шура»,13) деген аяттың мағынасы: 

Ей, Мұхаммед, біз саған жалғыз ғана дінді өсиет еттік делінген.Ал, ибн Аббас : «Дұғаларыңыз - имандарыңыз, өйткені аяттағы ( Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым сендерді неге бағаласын? /әл-Фурқан, 77/ дұға мағынасы - иман, дұғаның тілдік мағынасы иман дегенге саяды.

Ибн Омар (р.а.) риуаят етті: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ислам бес түрлі нәрсенің үстіне құрылған, олар: иман айту, намаз оқу, зекет беру, қажыға бару, Рамазан оразасын ұстау»,- деді.

3. «әл-Фатх», 4-аят.
4. «әл-Каһф», 13-аят.
5. «Мәрям»,76-аят.
6. «Мұхаммед»,17-аят.
7. «әл-Мүддассір», 31-аят.
8. «әт-Тәубе», 124-аят.
9. «Әли Имран», 173-аят.
10. «Әл-Ахзаб», 22-аят.

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz