20 Қазан 2026, Сейсенбі 9 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:41
Бесін 12:04
Екінті 15:26
Шам 17:17
Құптан 18:43

Құрандағы мысалдар: Өсім (риба) жейтіндердің мысалы

Құрандағы мысалдар: Өсім (риба) жейтіндердің мысалы

Өсім жейтіндер (бес күндік дүниеде пайдаға кенелдік деп ойласа да, қиямет күні қабірлерінен) бейне бір шайтан ұрып жынданған адамдай түрегеледі.


Бұл олардың: «Сауда-саттық тура өсім сияқты», – деп айтқандығынан. Әйтсе де Алла сауда-саттықты адал, ал өсімді харам қылды. Кімде-кімге Раббысынан (өсімнің харам екеніне қатысты) қандай да бір нұсқау, ескерту келіп, өсімнен дереу тыйылса, бұрынырақта өсімнен тапқан табысы өзіне тиесілі болып қалады. Ал ісі Аллаға тапсырылады (яғни Алла қаласа, тәубесінің шынайылығына қарап, күнәсін кешеді). Ал кім (Алладан келген нұсқауға қарамастан) өсімді адал санап, қайтадан өсімқорлыққа салынса, міне, солар – тозақтықтар, олар мәңгі-бақи сонда болады. ("Бақара" сүресі, 275 аят).

Алла Тағала өсім жейтіндер мен қиянат жасайтындар қиямет күні қабірлерінен есеңгіреген күйде тірілетіндіктерін мысал келтіреді. Олар надандықтарынан шайтанға жеңілген еді. Сондықтан қабірлерінен тұрғанда таңырғап, масайраған түсініксіз хәлде болады. Істеген істерінің ауыр жазасын және зардабын тосып тұрады. Олардың ақылдары «Сауда-саттық тура өсім сияқты»-, деп айналып қалды, сол себепті де олар қабірлерінен есеңгіреп, жын ұрған адамдай тіріледі. Кімде-
кімге өсім алудың харамдығына нұсқау, үгіт-насихат келсе, және сол ісінен дереу тыйылып, бойұсынып тоқтататын болса, оған бұрынғы тапқан табысы сұралмайды. Өйткені ол өзіне айтылған уағыз-насихатты қабыл еткен еді. Ал кімде-кім өсім алуға қайта оралса, оған уағыз-насихат еш пайда бермейді. Керісінше, сол ісін дегенінен қайтпай жасай береді. Міне, солар-тозақ иелері, олар онда мәңгі қалады.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz