22 Қазан 2026, Бейсенбі 11 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:44
Бесін 12:04
Екінті 15:23
Шам 17:13
Құптан 18:39

Көшеде жүргенде оқылатын дұғалар мен әдептер

Көшеде жүргенде оқылатын дұғалар мен әдептер

1. Үйден шығарда мына дұға оқылады:


Оқылуы: «Бисмилләһи тәуәккәлту ‘алаллаһи, лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһил-‘алиил-‘аз̣им».

Мағынасы: «Алланың атымен шықтым, Аллаға тәуекел еттім. Құлшылыққа құлшыныс таныту және күнә атаулыдан алыс жүру тек Алла Тағаланың жәрдемімен ғана жүзеге асады».

Қасиеті: Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім үйден шығарда “Бисмилләһи тәуәккәлту ‘алаллаһи, лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһил-‘алиил-‘аз̣им”, деп айтса, ол кісіге “Осы сөз саған жетеді, сен қорғаудың ішіндесің”, — деп айтылады. Сөйтіп шайтан одан алыстайды».

2. Мұсылман үйден шығарда қор болудан, адасудан, зұлымдық қылудан, кісі ақысын жеуден және надандықтан Аллаға сыйынады.

3. Әбул Фаруқ Силистрауи (қ.с.) былай дейді: «Аят ул-күрсіге өте үлкен, қасиетті бір періште қызмет етеді. Қазіргі уақытта барлық көлік атаулыға қауіп төніп тұр. Бұдан тек Алланың айтқанымен жүру арқылы ғана құтылуға болады. Көшеге шығарда жеті рет Аят ул-күрсіні оқып, әр оқығанда бір жағына (оң, сол, алды, арты, жоғары және төменге қарап “һү” деп) үрлейді, жетіншісінде “уә лә иә’удуһу хифзуһумә уә һуәл-‘алиул-‘аз̣им”, деп үш рет айтып “һү” деп, демін ішіне тартады. Мұны жасап көлікке мінген адамды Алла түрлі апаттан қорғайды».

4. Көшеде жүргенде назарын төмен салып, жоғарыдан төмен түсіп бара жатқандай жылдамырақ жүру керек. Екі жаққа теңселіп, кеуде керіп жүрмейді. Бұл тәкаппарлықтың белгісі.

5. Бөтен (намахрам) екі әйелдің арасында жүрмейді, араларынан өтпейді.

6. Мұсылмандарға зиян беретін нәрселерді жолдан алып тастайды. Мұның сауабы өте көп.

7. Базар және сауда орталықтарында көзін харамнан тыяды. Сәлем берген кісінің сәлемін алады. Жәрдем сұраушыға көмек қолын созады. Жол сұрағанға жол көрсетеді. Жоғалған затты тапқанда “заты жоғалған адамды естісеңіз маған келсін”, деп дауыстап иесін табуға тырысады.

материал «Дұғалар жинағы» кітабынан алынды, 

ummet.kz