29
Жұма,
Наурыз

һижри

Қадір түніне байланысты сүренің түсу себебі

Қадір түніне байланысты сүренің түсу себебі

Мақалалар
Жарнама

Бұл сүренің түсу себебі хақында мына екі оқиға айтылады.

 

Біріншісі: Алла Елшісі (с.ғ.с.) Исраил ұрпақтарының бір сарбазы Алла жолында мың ай қару арқалағанын айтады. Мұсылмандар бұл жағдайға қатты таңырқап, өздерінің амалдарын азсынады. Осыдан кейін Алла Тағала осы сүрені түсірді (Байһақи риуаяты).

Екіншісі: Пайғамбарға (с.ғ.с.) қауымдардың өмірлері көрсетілді. Сол кезде Алла Елшісі (с.ғ.с.) үмметінің өмірлерінің қысқалығынан өзге үмметтердің ұзақ ғұмырларында жасаған амалдарына жете алмайтындығын ойлап, уайымдаған-ды. Алла Тағала болса, оған Қадір түнін нәсіп етіп, оны өзге үмметтердің мың айынан да артық етті (Муатта).

Бұл сүре – Қадір түнінің жақсылықтарының өте көптігін айтумен қатар, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен үмметіне арналған ерекше сүйінші.

Бөлісу: