16 Қазан 2026, Жұма 5 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:08
Күн 06:34
Екінті 15:34
Шам 17:25
Құптан 18:51

Ғалым мен тақуаның қайсысының дәрежесі биік?

Ғалым мен тақуаның қайсысының дәрежесі биік?

Бір кісі: «Ғалым мен тақуаның қайсысының дәрежесі биік?» – деп сұрағанда, Алла елшісі:

– Мен араларыңдағы ең төменгі дәрежедегі адамнан қаншалықты жоғары болсам, ғалымдар да тақуалардан соншалықты санатта биік тұрады. Себебі екі дүние, төрт тараптың сыры білімділерге мәлім болмай ма? Алла, періштелер, тіпті құрт-құмырсқа мен теңіз жәндіктеріне дейін білімділерге дұға етеді, – деді де мына аятты оқыды: «Құлдардың арасындағы ғалымдар ғана Аллаға лайық түрде құрмет көрсетеді».

материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,

ummet.kz