09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:05
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:34

 Құрбан малының қай ағзасы желінбейді?

 Құрбан малының қай ағзасы желінбейді?

Жалпы, еті адал малдардың мына ағзалары желінбейді: аққан қаны,аталық-аналық мүшелері, дорба бездері, қуығы, өті.

 Өйткені, Алла тағала Құранда: «..Жақсы нәрселерді олар үшін адал етіп, жек көрінішті жаман нәрселерді харам етті», – дей келе, таза азықпен азықтануымызды білдіріп тұр. Ал, жоғарыдағы ағзалар, жалпы алғанда, адам табиғаты ұнамсыз санайтын нәрселер. Сондықтан оларды жеу – харам.

Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыздан келген мүрсәл бір хадисте: «Алла Елшісі қойдың мына ағзаларын (харамға жақын) мәкрүһ санайтын: аталық-аналық мүшелерін, дорбасын, бездерін, өтін, қуығын, қанын» делінген.

ummet.kz