08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Шам 17:42
Құптан 19:08

Адал қызметі үшін алғыс арқалады

Адал қызметі үшін алғыс арқалады

Жуырда «Әр аптада бір шара» жобасына орай ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен ерекше іс-шара өтті.

Ерекше дейтін себебіміз, еліміздің түкпір-түкпірінде зекет өкілдері «Алла жолында адал қызмет» акциясы бойынша мешіт істеріне, қайырымдылық іс-шараларына атсалысып жүрген дін қызметкерлерін марапаттап, алғыс білдірді.

Іс-шара жөнінде ұйымдастырушылар: «Дін жолында 500-ден аса Алла разылығы үшін адал қызмет етіп келе жатқан мешіт қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталып, оларға азық-түлік, зекет, құрбан еттері, кілем, түрлі қайырымдылық көмек жасалынды. Мешіт, медресе қызметкерлері алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Ал біз оларға «Алла жолындағы адал қызметтеріңізге» Жаббар Иеміз разы болсын дейміз» деді.