24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Әйелдерге арналған офлайн насихат жанданды (фото)

Әйелдерге арналған офлайн насихат жанданды (фото)

ҚМДБ Уағыз-насихат бөліміне қарасты Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен соңғы екі айда республика бойынша 2204 іс-шара өтті.

Атап айтқанда, «Отбасы», «Бала тәрбиесі», «Ерлі-зайыптылар арасындағы байланыс», «Әжелер тәрбиесі», «Құран Кәрімді оқып үйрену» сынды тақырыптарда 1375 офлайн дәріс өтіп, 573 онлайн форматта насихат айтылса, 127 қоғамдық іс-шара өтті.

«Карантиндік шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты еліміз бойынша әйел жамағатына арналған офлайн уағыз-насихат айтарлықтай көбейіп отыр. Жыл басында 70-ке жетер жетпес офлайн дәрістер өтіп, керісінше, онлайн уағыздар көптеп айтылса, Аллаға шүкір, қазір мешіттерімізде сабақ жүргізуге толықтай мүмкіндік алып отырмыз. Індет қаупі күшейіп кетпес үшін іс-шараларымызда, уағыз-насихат жұмыстары мен әртүрлі кездесулерде барлық санитарлық талаптардың сақталуына көңіл бөліп келеміз» дейді Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Тілегенова.

Сондай-ақ Әжелер алқасының ұйымдастыруымен 9 тағылымды іс-шара өтсе, жат ағым жетегінде кеткен әйелдермен 25 кездесу өткізілді.