09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Атырау: 1050 оқушыға мектеп құралдары берілді

Атырау: 1050 оқушыға мектеп құралдары берілді

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Атырау облысының мешіттері 1050 балаға оқу құралдарын, киім-кешек, сөмкелер табыс етті.

Акцияға Атырауда қала, аудан, ауыл мешіттері толықтай қатысты. Бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде 150 балаға мектепке қажетті құралдар табыс етілді.

«Бар жақсымыз – балаларға! Қайырымдылық акциясы аясында көп балалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерді қамтыдық. Балаларымыздың мектепте алаңсыз білім алуына бар жағдай жасауымыз керек» дейді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.