20 Қазан 2026, Сейсенбі 9 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:41
Бесін 12:04
Екінті 15:26
Шам 17:17
Құптан 18:43

Бас мүфти халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуда

Бас мүфти халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуда

Бүгін Алматы қаласында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстандағы ислам өркениетінің дәстүрі: өткені, бүгіні» атты ХХХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.


Халықаралық жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысуда.

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде ұйымдастырылған конференция «Қазақстандағы дәстүрлі ислам: ғылыми-тәжірибелік негіздері мен дамыту жолдары» атты бағдарламалық-нысаналы ғылыми жоба аясында өтуде.

Конференция бағдарламасында университет ректоры Мухаммад Уардани Абду ар-Родыйдің, Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармалары өкілдерінің, шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер өкілдерінің құттықтау сөздері қарастырылған.

Жиын аясында профессор Шамшәдин Керім аталған ғылыми жобаның нәтижелері мен қолданыс аясы туралы баяндама ұсынады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында әзірленген ғылыми басылымдар таныстырылады.

Конференцияның секциялық отырыстарында Қазақстандағы ислам өркениетінің тарихи орталықтары, Ясауи мұрасы, ұлттық-мәдени бірегейліктің қалыптасуындағы исламның рөлі, дәстүрлі діни таным, рухани қауіпсіздік және дін мен дәстүр сабақтастығы мәселелері қарастырылады.













  •