22 Қыркүйек 2026, Сейсенбі 11 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:55
Бесін 12:12
Екінті 16:21
Шам 18:18
Құптан 19:45

Бас мүфти Отан қорғаушылармен кездесті

Бас мүфти Отан қорғаушылармен кездесті

Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облыстық департаменті Алакөл-ШБ КжТД бөлімінің жас сарбаздарымен кездесті.

Отан қорғаудағы шекарашылардың міндеті аса сауапты іс екенін атап өткен ҚМДБ Төрағасы: «Еліміздің тыныштығын күзетіп, бейбіт өмірдің қорғаны болып отырған ең жауапты саланың өкілдері ретінде сіздерге үлкен құрметімді білдіремін.

Отанды қорғау – имандылықтың көрінісі. Өйткені Ислам діні – бейбітшілік пен тәртіптің діні. Асыл дінімізде елге қызмет ететіндер – Алланың сүйікті құлдары. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Отанды қорғау – үлкен сауапты іс екенін өсиет еткен. Сондықтан ел қорғау, мемлекет тыныштығын сақтау – мұсылманның қасиетті міндеті. Сіздердің қызметтеріңіз – жай ғана жұмыс емес, бұл – ұлы борыш», – деді.

Кездесу барысында Бас мүфти сарбаздардың сұрақтарына жауап беріп, олардың рухани және кәсіби жетілуіне жетістік пен табандылық тіледі.