09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Бас мүфти Ұлытау облысының әкімімен кездесті (фото)

Бас мүфти Ұлытау облысының әкімімен кездесті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы  Ұлытау облысына жасаған сапарында өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлымен кездесті.

Кездесуде тараптар аймақтағы діни ахуалды талқылады. Облыс әкімі «Ұлытау облысының рухани дамуы» тақырыбындағы республикалық конференцияны ұйымдастыруға ұйытқы болған Бас мүфтиге алғысын білдіріп, ізгі ниетін жеткізді.

«Біз өз тарапымыздан Ұлытау облысының рухани дамуына үлес қосуға әрқашан дайынбыз. Мақсатымыз – елдің игілігі үшін қызмет ету. Имамдарымыз бұл бағытта аянбай еңбек етіп келеді. Алла Тағала жаңадан құрылған Ұлытау облысының жан-жақты дамуын нәсіп еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти мен облыс әкімі ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті.