09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:06
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Бөлім меңгерушісі әйел ұстаздарға дәріс өткізді

Бөлім меңгерушісі әйел ұстаздарға дәріс өткізді

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Алматы Орталық мешітінде өкілдікке қарасты және облыстың әйел ұстаздарына дәріс оқыды.

Батыржан Берденұлы Алматы қаласына екі күндік іс-сапары аясында әйел жамағатымен кездесіп, бүгінгі таңда жамағатқа уағыз-насихат жүргізудің тәсілдерін түсіндірді. «Мүфтият бекіткен жеті бағыттың уағыз-насихат бағыты қоғамда зор маңызға ие» - деп атап өтті бөлім меңгерушісі. 

Сонымен қатар мешіттерде уағыз-насихат, дәріс жүргізу кестелерін құру, ақпараттық-насихаттық хабарламаларын таратып, уағыз айтуда тиімді тақырыптарды пайдалану жайлы ұсыныс-пікірін айтты.

Дәріс соңында Алматы Орталық мешіті әжелер тобының құран хатым батасын жасап, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға оқылды.