24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Әйел жамағатына шеберлік сабағы өткізілді (ФОТО)

Әйел жамағатына шеберлік сабағы өткізілді (ФОТО)

9 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйелдер жамағатына арналған шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен кездесуге белгілі визажист Жаннұр Төремұрат шақырылып, қыз-келіншектерге «Сұлулық – көңіл айнасы» атты шеберлік сабағын өткізді.

Әйел кісінің жары алдында көркем бейнеде болуын шариғатымыз да құп көреді. Ислам ғалымдары да әйелдердің күйеуі алдындағы міндеттерін былай деп атап көрсеткен: «Әйелдің күйеуі үшін әшекей тағып сәнденуіне және боянуына шек қойылмайды. Қайта бұл сауапты іс».

Жиын соңында Жаннұр ханымға «Алғыс хат» табысталып, діни кітаптар сыйға берілді.

master1

master1

master1

master1