08 Қазан 2026, Бейсенбі 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

Алматыда Құран жарысы өтеді

Алматыда Құран жарысы өтеді

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде 15 сәуір сағат 10:00-де қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан конкурс өтеді.

Қасиетті Құранда: «Қашан Құран оқылса, Оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мейірімге бөленерсіңдер» делінген ("Ағраф" сүресі, 204-аят).  Сонымен қатар, «Құранды өте анықтап оқы» ("Муззаммил" сүресі, 4-аят.) деген аяттың жалғасын, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың — Құранды үйреніп, Оны үйреткендерің!» деген өнегелі өсиеті жалғайды. Дәстүрді дін жолында білім алып, Құран оқуға ден қойған университет студенттері (ер) арасында өтетін сайыс 4 бағытта өтеді:

1. 2 пара (29,30);

2. 3 пара;

3. 5 пара;

4. 15 пара.

Жеңімпаздарға қаржылай және бағалы сыйлықтар тағайындалған.

Ескерту: 3-4 курс студенттері 2 парадан қатыса алмайды және Құранды толық жаттаған хафиздар 5 парадан төмен қатысуына болмайды.

ummet.kz-ақпарат