24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Бесін 12:22
Шам 19:23
Құптан 21:02

Бас мүфти Алматы облысында болған оқиғаға байланысты көңіл айтты

Бас мүфти Алматы облысында болған оқиғаға байланысты көңіл айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
«Қайтыс болған марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын. Алла Тағала марқұмды мейіріміне бөлеп, қайғының артын қайырлы еткей. Артында қалған отбасына, ағайын-жұртына көркем сабыр тілейміз. Оларға Жаратқанның өзі жар болсын. Ал жарақат алған жандарға Алла шипасын берсін. Жаратушы Иеміз елімізді, жерімізді, Отанымызды, халқымызды түрлі табиғат, жол-көлік апаттарынан сақтасын. Әмин» – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте 19 сағат 20 минут шамасында Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобусқа соқтығысып, оқиға орнында бір адам қаза тапты. Автобуста 67 адам болған.