24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Бесін 12:22
Шам 19:23
Құптан 21:02

Дін істері комитетіне төраға тағайындалды

Дін істері комитетіне төраға тағайындалды

11  сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Е. Нүкежанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған.

2002-2009 жылдары Халықаралық заманауи саясат институтында, «Хабар» агенттігінде, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ-да, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген.

2009-2016 жылдары — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, кеңесші және сектор меңгерушісі ретінде қызмет еткен.

2016-2018 жж. ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппарат басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2018 жылғы маусымнан бастап Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.