09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:05
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:34

Дін қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды (ФОТО)

Дін қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды (ФОТО)

10 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында Діни басқарманың алты қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды. Марапатты иелеріне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстады.

Алматыдағы «әл-Хамид» мешітінің бас имамы Асылхан Аманқұлов, Шымкент қаласындағы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміре, Алматыдағы «Қалқаман» мешітінің бас имамы Кенжеәлі Мырзабаев Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ Түркістан облысындағы «Сарыағаш» медресе-колледжі директорының кеңесшісі Әбдіжаппар Сманов, Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет және «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

marapat1

marapat1

marapat1

marapat1

marapat1

marapat1

marapat1