10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Дінбасы Моңғолия мүфтиін қабылдады

Дінбасы Моңғолия мүфтиін қабылдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, мүфти Батырбек қажы Хадысұлын қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Кездесуде дін төңірегіндегі жан-жақты ойлар қозғалып, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарма тарапынан Моңғолия еліндегі мешіттерге қыс мезгіліндегі жылу жүйесіне қаржылай қолдау жалғаса беретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, ҚМДБ шеттегі қандас дін қызметкерлерін шапанмен, діни кітаптармен қамтамасыз еткен болатын.

Батырбек Хадысұлы өз кезегінде мүфтияттың бұл қамқорлығына алғысын білдірді. Сонымен қатар, еліміздің дамып, көркейіп келе жатқанына қуанышты екенін айтып, Моңғолия мұсылмандарының сәлемін жеткізді.

ummet.kz-ақпарат