24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Бесін 12:22
Шам 19:23
Құптан 21:02

"Добрый хлеб" немесе ыстық ықылас пен ыстық нан.

"Добрый хлеб" немесе ыстық ықылас пен ыстық нан.

Корпоративтік "Зекет" қорының Астана қаласы өкілдігінің 5 жылдық мерейтойына орай "Добрый хлеб" акциясын бастады.
Акция мақсаты - мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен жандарды, зейнеткерлерді нанмен  қамтамасыз ету.  Жоба аясында дүкендерде  "Добрый хлеб" сөрелері орналастырып, күнделікті түрде нан қойылады. Айына 1350 бөлке нан таратылады. Елордамыздағы Габдулина 3 мекен-жайындағы "Тәтті" дүкені мен Абай даңғылы 9А мекен-жайындағы "Слобода" дүкені  қайырымдылық шарасын қолдап, "Добрый хлеб" сөресін орналастырды.
Астананың кез-келген тұрғыны осы шараға қатысып, аталмыш дүкендердегі сөрелерге нан не өзге де азық-түлікті қалдырып кете алады.

Ал егер Сіз дүкен иесі болсаңыз, онда "Добрый хлеб" сөресін дүкеніңізде орналастырып, қайырымдылық шарасына үлесіңізді қоса аласыз.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша Абай даңғылы 3\2 мекен – жайына келіп немесе 8 775 622 5170 нөмеріне хабарласа аласыз.

дб2

 

"Зекет" қорының
баспасөзқызметі.