14 Қараша 2026, Сенбі 4 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:52
Күн 07:24
Екінті 14:45
Шам 16:33
Құптан 18:04

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін атқаруға кірісті

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін атқаруға кірісті

20 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігі, омырауға тағатын белгісі және байрағы, «Алтын қыран» ордені тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«ҚР Конституциясының 48-бабына сәйкес, Сізге Президент куәлігін, омырауға тағатын белгісін және байрағын, «Алтын қыран» орденін тапсыруға рұқсат етіңіз», - деді ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.