09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:05
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:34
Құптан 22:24

ҚМДБ: Мешітте жамағатпен бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді

ҚМДБ: Мешітте жамағатпен бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді

26 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

Комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады.

«Биыл 2 қарашадан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат етілсін» делінген комиссия шешімінде. Бірақ залда 100 адамнан артық кісі болмауы және 2 метр әлеуметтік ара қашықтық, маска режимі қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады, сонымен қатар карантин жағдайына байланысты қазірге жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды.