08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

Медресе колледжде жаңа басшы

Медресе колледжде жаңа басшы

12 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков «Астана» медресе-колледжінде болды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Смайыл Сейітбеков оқу ордасы ұжымына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Астана» медресе-колледжінің директоры болып тағайындалған Бақтыбай қажы Бейсенбаевты таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков, Нұр-Сұлтан қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов медресе-колледжді аралап, оқу орнының төтенше жағдайдан кейінгі жұмыс барысын талқылады.

jana1

jana1

jana1

jana1