24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Бесін 12:22
Шам 19:23
Құптан 21:02

Психолог-дәрігерлер діни семинар-треннингтен өтті

Психолог-дәрігерлер діни семинар-треннингтен өтті

16 шілде. АСТАНА. Ummet.kz - Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымның ықпалына түсуі ықтимал қоғамның әлсіз топтарымен жұмыс жүргізу әдістері» атты семинар-треннинг өтті, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Семинарда Астана қаласы бойынша медициналық мекемелердің психолог-дәрігерлері семинарға арнайы шақырылған  мамандардың дәрісінен жұмыс барысында қажет болатын тиісті  ақпаратты алып, орталықтың психологтары жүргізген тренингтен мол тәжірибе жинақтады.

Аталған іс-шара барысында семинарға қатысушыларға берілген ақпараттар мен жүргізілген тренингтер алдағы уақытта өз қызметтерінде жат діни ағым өкілдерімен тиімді жұмыс жүргізуде оң ықпалын тигізетіні айтылды. Осындай семинар-тренингтер қаламыздағы өзге де мекемелердің қызметкерлерімен өткізілу жоспарланып отыр.

dsc 0479

dsc 0459