24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

«Зекет» қоры 117- ші баспананы табыс етті

«Зекет» қоры 117- ші баспананы табыс етті

12 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ағайын арасындағы татулық пен сыйластықты арттыра түсетін қасиетті Құрбан айт мерекесінде ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясындағы 117-ші баспананы табыс етті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, бұл жолғы баспана Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көшкентал ауылындағы үш қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты мүгедек ана – Шахан Әуешке бұйырды.

Пәтер кілтін Ақсу ауданының бас имамы Анарбек Тасболатұлы өз қолымен табыстады. Жақсылықтың жаршысы болып, игі іске атсалысқан ағайынға Алланың нұры жаусын!