10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Жылдық есепке байланысты аппарат жиналысы өтті

Жылдық есепке байланысты аппарат жиналысы өтті

27 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жиналысқа бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Басқосуда 2019 жылда атқарылған іс-шаралардың есебі тыңдалатын кеңейтілген Төралқа мәжілісіне дайындық жұмыстары пысықталды. Сонымен қатар, 2020 жылы жүзеге асатын жобалар, атап айтқанда, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен қайырымдылық акциялардың жоспары талқыланды.

Жиналыс соңында Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы ҚМДБ туралы деректі фильм түсіру қажеттігіне тоқталып, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына байланысты 30 игі шараны жүзеге асыруды тапсырды.