08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Құптан 19:08

Бақытты, ізгі де бейбіт ел

Бақытты, ізгі де бейбіт ел

Ұлттық күн мерекесіне орай Біріккен араб әмірлігінде жүргізілген сауалнама нәтижесінде тұрғындардың 79%-ы әмірлік елін «бақытты, ізгі де бейбіт қоғам» деп білетіндерін жариялады. Осылайша БАӘ өмір сүру үшін ең қолайлы, әр азамат өзін бақытты сезінетін ел саналып отыр.

69% респонденттер әмірлікті әлемдік қауымдастықтағы, араб елдерінің ішіндегі ірі ойыншы санайды. 34%-ы БАӘ-нің қарыштап дамуын туризммен байланыстырады.

33%-ы әмірлікті бизнесті көтерудің үлкен мүмкіндік көзі ретінде бағалайды. 66% респонденттер елдің сыртқы саясатын қолдаса, 79%-ы әмірлікті шынында бақытты ел деп санайды. 

ummet.kz-ақпарат