09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Бес күн Құран оқылады

Бес күн Құран оқылады

Шешенстан мешіттерінде 5 мамырдан бастап бес күн бойына Құран оқылады. Ал елдің бас мешіті «Шешенстан жүрегінде» қасиетті Құран аяты үздіксіз тәулік бойы оқылмақ.

Осылайша Шешенстан республикасы 10 мамырда Еске алу және аза тұту күнін атап өтеді.

Шешенстанның барлық аймағында атаулы күнге байланысты кездесулер, дөңгелек үстелдер, ерлік туралы дәрістер, сондай-ақ діни рәсімдер ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Грозный-информ».

Еске алу және аза тұту күні Шешенстанда 2011 жылы мемлекет басшысы Рамзан Қадыровтың жарлығымен бекітілді және бұл күн шешен халқы тарихындағы қасіретті уақиғаларда жапа шеккендерді еске алуға арналады. 

ummet.kz-ақпарат