24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Бесін 12:22
Шам 19:23
Құптан 21:02

Дубай әмірі Лондон метросына мінді (ВИДЕО)

Дубай әмірі Лондон метросына мінді (ВИДЕО)

Дубай шаһараның мұрагер ханзадасы шейх Хамдан бен Мохаммед бен Рашид әл-Мактум өзінің Instagram парақшасына әкесі Дубай әмірі, Біріккен араб әмірлігінің вице-президенті, премьер-министр, шейх Мохаммед бен Рашид әл-Мактуммен Лондон метросындағы суретін жариялады.

Әкелі-балалы әл-Мактум Тұманды Альбион метросында дәстүрлі араб киімінде емес, заманауи еуропалық үлгіде киініп, өзге жолаушылармен бірге кетіп барады. Осы сәт түсірілген фотосурет 157 мың қолданушыға ұнап, 4 500 пікір жинаған.

«Дейли Телеграф»  басылымының мәліметінше, Дубай әмірі қалалық метрода өз ұлымен бірге ешқандай күзетсіз болған. Ол қарапайым азамат ретінде жолаушылар метросына қала тұрғындары жұмыстан қайтар сәтте мінген.

 

 

{youtube}6U0mEt_UY-Q{/youtube} 

ummet.kz-ақпарат