09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Неміс протестанты ислам дінін оқытуды ұсынды

Неміс протестанты ислам дінін оқытуды ұсынды

Ислам негіздерін Германияның барлық мемлекеттік мектептерінде оқыту керек, деп мәлімдеді Евангелистік шіркеу кеңесінің төрағасы Генрих Бедфорд-Шторм.

Ол осы пәндер арқылы мұсылман оқушыларды радикалды, фундаменталды бағытта исламды насихаттаушылардан сақтандыруға болатынын атап өтті, деп жазады «Рейтер» агенттігі.

Епископтың пікірінше, ислам пәндерін оқыту міндеті дін саласындағы мемлекеттік сенімді серіктесі саналатын ислам ассоциациясына жүктелу керек.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Германияда 4 млн мұсылман тұрады, бұл жалпы халықтың 5% пайызын құрайды. 

ummet.kz-ақпарат