10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Обама:Терроризмнің исламға қатысы жоқ

Обама:Терроризмнің исламға қатысы жоқ

«Радикалды ислам» термині терроризм ұғымына мүлде үйлеспейтін мұсылман дініне тиесілі сөз емес. Бұл жайында АҚШ президенті Барак Обама CBS телекомпаниясына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мен «радикалды ислам» сөзін қолданбаймын. Себебі, мұсылман әлемінің немесе Құрама штаттағы мұсылман диаспорасы өкілдерімен сөйлескен кезде, олар ДАИШ, әл-Каида секілді ұйымдар ислам дініне телінер болса, бұл шынайы исламды бұрмалау екенін айтады» деді Б.Обама.

АҚШ президенті сонымен қатар бұл терминді қолданбауымен қатар, экстремистердің қарапайым америкалық азаматтардың мерт болуына жол бермеуге алаңдайтынын жеткізді. 

ummet.kz-ақпарат