24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Қонақүйлер Рамазан павильонын дайындады

Қонақүйлер Рамазан павильонын дайындады

Біріккен араб әмірлігі қонақүйлерінде Рамазан айында меймандарды қабылдауға бар дайындықты жасауда.

Абу-Даби қаласындағы Emirates Palace мейманханасы өз қонақтарына ауызашар мен сәресіні теңіз тарапынан арнайы тұрғызылған павильиондарда өткізуді ұсынады.

Павильон залдарында қонақтардың туған-туыс, жақындарымен қасиетті айда бас қосуына бар жағдай жасалған.

Сонымен қатар, меймандарды арнайы ашық ауызашар асханалары мен лаунж-аймақтар да бей-жай қалдырмайды.

Ауызашар  құны шамамен 72 доллар, ал сәресі бағасы 40 доллар болмақ.

ummet.kz-ақпарат