08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

ҚМДБ Төрағасы Дүниежүзілік ислам лигасының хатшысымен жүздесті

ҚМДБ Төрағасы Дүниежүзілік ислам лигасының хатшысымен жүздесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы САК астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам фиқһ академиясының кезекті отырысы аясында бірқатар кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Бас мүфти ДИЛ Ислам лигасының хатшысы Абдурахман ибн Абдолла әз-Зайдпен кездесіп, сұхбаттасты.

Кездесу барысында Наурызбай қажы Тағанұлы Лиганың жұмысына табыс тілеп, әлем ғалымдарының басын қосқан айтулы жиынның маңызды екенін атап өтті. Тараптар болашақта ортақ жобаларда екеуара жан-жақты қолдау көрсетуге келісті.