24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

ҚМДБ төрағасы медресе шәкірттеріне сый жасады (фото)

ҚМДБ төрағасы медресе шәкірттеріне сый жасады (фото)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжі мен қайырымдылық мекемелеріне азық-түлік жеткізілді.

Игі іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен медресе директоры Құлмұхаммед Маханбет қатысып, білім ордасына 3 тоннаға жуық қажетті азық-түлік пакеттерін табыстады. Бас мүфти аталған білім ордасының шәкірттерін күнделікті керек-жарақпен, оның ішінде азық-түлікпен қамтуға үлес қосқан азаматтарға айрықша алғысын жеткізіп, қайырымдылық және сауапты амал жайында насихат айтты.

Өз кезегінде медресе директоры мен шәкірттер де Бас мүфтиге ыстық ілтипаты мен алғысын білдірді.

Сондай-ақ азық-түлік пакеттері 5 қайырымдылық мекемесіне де табысталғанын айта кеткен жөн.