08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Құптан 19:08

Марокко Корольдігінің өкілі – Діни басқармада (фото)

Марокко Корольдігінің өкілі – Діни басқармада (фото)

Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтыр жөніндегі министрліктің Азия және Океания істері жөніндегі департаментінің директоры Абделқадер әл-Ансари Қазақстанға ресми жұмыс сапары аясында Діни басқармаға арнайы келді.

Мәртебелі мейман ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғармен кездесіп, сұхбаттасты. Кездесуде екі елдің достық қарым-қатынасы сөз болды. Наиб мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы жайлы баяндап берді.

Өз кезегінде Абделқадер әл-Ансари Діни басқарманың діни саладағы орны мен рөлі жайлы ойымен бөлісіп, игі бастамаларға тілеулестік ниетін білдірді. Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Сондай-ақ кездесуге Марокко Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммед Рашид Маанину мен ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы қатысты.