24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Әз Наурыз – жаңа өмір бастамасы

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Әз Наурыз – жаңа өмір бастамасы

Қадірлі ағайын, ардақты қазақ елі!

Наурыз мерекесі – ұлт пен ұлыстар арасындағы келісімнің, сыйластықтың, құрмет пен сүйіспеншіліктің дәнекері, еліміздің ынтымақты тірлігінің, береке-бірлігінің, өшпес өнегесінің белгісі. Күн мен түннің теңеліп, айнала көкке оранатын күнді халқымыз жыл басы санап, ұлықтап, құрметтеген.

Ғасырлар қойнауынан жетіп, сабақтастығын үзбеген әз-Наурыз мерекесінің  орны Қазақстан халқы үшін қашанда ерекше. Қараның аққа, жоқтың барға, ызғарлы күннің жылы маусымға ауысар сәтінде барша жұрт бір-біріне игі тілектерін айтып, өкпе-реніштерін кешірген. Имандылыққа ұйыған ізгі жандар қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырған.

Адамзатты татулық пен мейірімділікке жетелеген Ұлыс күні баршаңызға қуаныш пен шаттық, сарқылмас бақ, таусылмас қажыр-қайрат тілеймін! Жаратушы Алла тағала ағайынның ауызбіршілігін арттырып, ынтымақты ел болуымызды жазғай. Ұлыстың ұлы күні елімізге құтты-берекелі болсын.

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ наиб мүфтиі