09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:05
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:34

«Әл-Фараби»: «Өзіне өзі қол жұмсау – Аллаға наразылық» тақырыбында насихат айтты (фото)

«Әл-Фараби»: «Өзіне өзі қол жұмсау – Аллаға наразылық» тақырыбында насихат айтты (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.

Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткізілген шарада мешіт ұстазы Нуриддин Абдусаматұлы насихат айтты.

Мешіт ұстазы жиылған жамағатқа «Өзіне өзі қол жұмсау – Аллаға наразылық» тақырыбында насихат айтты. Насихат барысында тақырып аясындағы Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінен көркем мысалдар келтірді. 

Өз-өзіне қол жұмсау, яғни бүгінде суицид деп аталып жүрген ұғымға Ислам тұрғысынан кеңінен талдау жасады. Адамдарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторларды тізбектеп берді: рухани дағдарысқа ұшырау, мазасыздық, терең созылмалы күйзелісте жүру, жалғыздық, шешімі жоқ болып көрінген басындағы қиындықтары: өмірдің мəнін жоғалту, шарасыздық, қысым көру, қарызға кіріп шыға алмау екенін тілге тиек етті. 

Насихат соңында жамағатқа ел болып, бесігімізді түзетеміз десек, жастарымызға өз-өзіне қол жұмсау дертінің зиянын барынша ұғындыруымыз қажет екенін айтты. Алла əрбір сəтсіздіктен сабыр іздеп, өмірде із қалдыратындай ғұмыр кешуді нәсіп етуін тілеп, дұға жасады.

0900.jpeg

32.jpeg

43.jpeg

989.jpeg

ummet.kz