24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Алғысымыз толастамасын

Алғысымыз толастамасын

2 наурыз. АСТАНА.Ummet.kz. ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, «әйелдер-қыздар секторы» және «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен Алғыс күніне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Мешіт жамағаты мен қонақтарына «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері өз қолдарымен жасаған тәтті тағамдарын ұсынды. Жәрмеңкеден түскен қаржыдан жағдайы төмен отбасылар мен мұқтаждарға көмек көрсетіледі. 2016 жылдың қыркүйек айынан жұмысын бастаған клуб аясында қыз-келіншектерге арналған мастер-кластар, түрлі қайырымдылық шаралар мен діни сауат ашу сабақтары тұрақты жүргізілуде. 

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі