24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Елордамызда рухани кеш өтеді

Елордамызда рухани кеш өтеді

10 Сәуір. Астана. Ummet.kz – Елордамызда «Берекелі мереке» атты рухани кеш өтеді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен, «Конгресс-Холл» концерт сарайында «Берекелі мереке» атты рухани кеш өтетін болады.

Кеш барысында «Өнер қырандары» театрының қасиетті айға дайындық, оразаның пайдасы, Рамазан айының қадыр-қасиеті, ораза кезінде көңіл бөлуге тиісті мәселелер, т.б. мазмұндарды арқау еткен танымдық-тағылымды қойылымдары көрсетілумен қатар, иләһи әндер, уағыз-насихаттық бағдарламалар да қарастырылған.

20-сәуірде өтетін рухани кештің билеттерін Елорда мешіттерінен алуға болады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

onerqyrandary