24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Қажыларға арналған дайындық курстары басталады

Қажыларға арналған дайындық курстары басталады

31 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ-ның Астана қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде қажылық парызын өтеуге ниеттенген жандарға арнайы дайындық дәрістері басталады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Аталмыш курс 05.08-12.08 аралығында өтеді. Бір апта жүргізілетін арнайы дәрістер сағат 15:00-де басталып, 17:00-де аяқталады. Курс аясында қажылық парызын өтеу барысында атқарылар рәсімдер туралы толық ақпарат беріледі. Сондай-ақ, сауапты сапардағы ұстанатын талап-шарттар мен тыйымдарды һәм қажылықтың қалай өтелуі жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Дәрістерді «Нұр Астана» орталық мешітінің және өкілдікке қарасты басқа мешіттердің білікті, тәжірибесі мол имамдары жүргізеді. Дәрістер кестесі төмендегідей.

hadj table

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.