01 Тамыз 2026, Сенбі 18 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:34
Бесін 12:26
Екінті 17:42
Шам 20:06
Құптан 22:07

«Әл-Фараби»: «Ізгілік керуені» 100 оқушыға қуаныш сыйлады (фото)

«Әл-Фараби»: «Ізгілік керуені» 100 оқушыға қуаныш сыйлады (фото)

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін, көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету. Шара барысында 100 оқушыға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкелері үлестірілді.


«Ізгілік керуені» қайырымдылық акциясы аясында өткен ізгі шараға арнайы қатысқан Астана қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет жиылған оқушылар мен ата-аналарға келе жатқан жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, оқу сөмкелерін табыстады.

Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазановтың бастамасымен болған қайырымдылық шарасы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Әрдайым мешіт атынан ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларға мұрындық болып жүретін «Сауап» белсенділер тобының жетекшісі Абзалбек Сұлтанбек бұл жолы да игі шараға атсалысты. 

Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге тамызған тамшыдай болған бұл әрекет егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалған игі істердің бірі. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында қаламыздағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсеткені үшін, елордалық балғындарға шат-шадыман көңіл-күй сыйлағаны үшін келген ата-аналар мешіт ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.

1112131415161718192033

ummet.kz