23 Қазан 2026, Жұма 12 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:19
Күн 06:46
Бесін 12:04
Екінті 15:21
Құптан 18:37

«Әл-Фараби»: Наиб мүфти жұма насихатын айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Наиб мүфти жұма насихатын айтты (фото)

Қасиетті жұма күні еліміздің барлық мешіттерінде «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» тақырыбында жамағатқа жұма уағызы айтылды. 


«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне арнайы келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы Мұқатай аталған тақырыпта көркем насихат айтып, туған жерге деген сүйіспеншіліктің діни негіздеріне, Отанның қадір-қасиетіне және ел алдындағы мұсылмандық жауапкершілікке кеңінен тоқталды.

«Адам баласы үшін бейбіт өмір мен қауіпсіз мекеннің орны ерекше. Өйткені тыныштық орнаған жерде халық алаңсыз еңбек етеді, ұрпақ білім алады, отбасы берекелі ғұмыр кешеді, құлшылық жасауға қолайлы жағдай қалыптасады. Қасиетті Құранда Алла Тағала Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дұғасын былай баяндайды:

«Кезінде Ибраһим: «Уа, Раббым! Мына елді мекенді бейбіт мекен еткейсің! Мені де, бала-шағамды да пұттарға табынудан аулақ қылғайсың!» – деп дұға еткен еді» («Ибраһим» сүресі, 35-аят).

Аятқа назар аударсақ, Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) ең алдымен елінің қауіпсіздігін тілеп, Алла Тағалаға дұға жасаған. Бұл ел тыныштығының адам өміріндегі айрықша маңызын көрсететін өнеге. Алла Тағала Құрайыш қауымына берген нығметтерін еске салып: «Осынау Үйдің (Қағбаның) Раббысына құлшылық етсін. Өйткені Раббылары оларды аштықтан һәм түрлі қауіп¬қатерден сақтады», – деген («Құрайыш» сүресі, 3-4-аяттар).

Алла Тағала ризық пен қауіпсіздікті ерекше нығмет ретінде атап өткен. Расында, адам қаншалықты дәулетті болса да, елдің тыныштығы болмаса, сол байлықтың игілігін толық көре алмайды. Ал бейбіт елде қарапайым тіршілік кешудің өзі – үлкен бақыт. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім өз орнында қауіпсіздікте, дені сау, бір күндік азығы жеткілікті күйде таңды атырса, оған бүкіл дүние берілгендей болады», – деген (имам Термизи)», деді Ермек Қасболатұлы.

Жұма намазынан кейін наиб мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалып құран хатым оқылды.

333333321322324325326

328329

ummet.kz