08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

«Жазғы лига» ойындарының маусымы ашылады

«Жазғы лига» ойындарының маусымы ашылады

29 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі және «Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС-ның бірлесіп ұйымдастыруымен өтетін «Жазғы лига» ойындарының ашылуы болады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ертең, мамырдың 30-ы, сағат 18.00-де қала мешіттерінің жамағаттарынан құрылған командалар арасында футболдан «жазғы лига» ойындары маусымының ашылуы жоспарлануда.

Аталмыш іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыру және қала тұрғындарының бос уақыттарын дұрыс пайдалану мақсатында ұйымдастырылады.