24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Мешіттерде 1 214 040 адамға ауызашар берілді (фото)

Мешіттерде 1 214 040 адамға ауызашар берілді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы басталғалы бері мешіттерде он екі күн ішінде 1 214 040 адамға ауызашар берілді.

Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудан, ауыл-аймақтарда орналасқан 697 мешітте күнделікті 101 170 адамға ауызашар дастарқаны жайылуда.

Ауызашарға қарттар, балалар, мүгедектер үйінен келген жандар, сонымен қатар көпбалалы ата-аналар, жалпы көмекке мұқтаж азаматтар қатысуда.

Айта кетейік, аталмыш мешіттерде Рамазан айының соңғы күніне дейін Алла Тағаладан сауабын үміт етіп ораза тұтқан ағайынға ауызашар беріледі.