21 Қыркүйек 2026, Дүйсенбі 10 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:26
Күн 05:53
Екінті 16:23
Шам 18:20
Құптан 19:48

Мүфтилер алқасы «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» құжатын қабылдады

Мүфтилер алқасы «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» құжатын қабылдады

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының V мәжілісінде «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» құжаты қабылданды.

Аталған құжат мәтінінде: «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы түркі халықтарының мәдениетінде ерекше орын алады. Біз осы маңызды мәселені шариғи тұрғыдан халыққа түсіндіруді жөн санаймыз. Біздің мақсатымыз – сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі діни танымымызды жаңсақ жорамалдардан қорғау. Дін мен дәстүрімізден бүр жарған ұлттық болмысымызды, әдет-ғұрпымызды сақтау. Ежелден қалыптасқан мұсылманшылық дәстүрлерімізді, мәзһабымыз бен мектебімізді қайта жаңғыртып, ғасырлардан жеткен мұраларымызға ие болу. Қоғамды ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеу. Дәстүрінен, дінінен, ділі мен тілінен, әдет-ғұрпынан ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол үшін рухани құндылықтарымызды құнттай білу аса маңызды» делінген.